БҚО-да 61 млрд теңгеге жылыжай салынады

10:03, 11 желтоқсан 2019

Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда 60 МВт жеке электр станциясы бар тағы бір жылыжай пайда болады. Жобаның құны 61 млрд теңгеге бағаланады.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, нысан индустриялық аймақ аумағында салынады.

«Жобаның жалпы құны — 61 млрд теңге. 500 жұмыс орнын ашу жоспарлануда», — деп толықтырды мемлекеттік орган.

Жылыжайда қызанақ өсіріледі, қуаттылығы жылына — 40 мың тонна. Дайын өнімді ішкі нарықта, сондай-ақ Ресейде сату жоспарланған. Жоба 2020-2025 жылдары жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!