Биыл ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемі 2,9%-ға артты

12:49, 17 маусым 2019

Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтар-сәуірде ТМД елдерінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы байқалды.

ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 2018 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,9% артты (2018 жылғы қаңтар-сәуірде – 3,7%).

Достастық елдерінде тұтыну бағалары 2019 жылғы сәуірде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда  2,6% артты (2018 жылғы сәуірде 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 2,2%), өнеркәсіп тауарларын өндірушілер бағалары 0,3% өсті (2018 жылғы сәуірде 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 2,1% артты).


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!