Биыл 850 млрд теңгенің 123 жобасы іске қосылады

17:37, 20 шілде 2018
547

Алматы. 20 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда 2010-2017 жылдар аралығында Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 6,6 трлн теңгенің жобалары іске асырылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баспасөз мәслихатында мәлім етті.

2010-2017 жылдар аралығында бағдарлама бойынша барлығы 6,6 трлн теңге болатын 1148 жоба іске қосылды. 107 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

2018 жылы жалпы сомасы 850 млрд теңгеге 123 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңадан 14 мыңнан астам жұмыс орны құрылатыны күтілуде.

«2018 жылдың 1-тоқсанында тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 6,7 млрд АҚШ долларын құрап, 24,4% өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 2018 жылдың 6 айында 4,5 трлн теңгені құрады. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,8%  артық», – деді ведомсто басшысы.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!