Биыл күзгі орақ науқанына 394 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді

19:30, 18 тамыз 2017

Биыл күзгі орақ науқанына мемлекет тарапынан 394 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нарықта өнімнің бір литрінің бағасы 139-140 теңге болса, диқандарға 130-132 теңгеден сатылады. Ел аумағын дизельді отынмен қамтуға Атырау, Шымкент, Павлодар зауыттары ат салыспақ. Ал Шымкент мұнай өңдеу зауытында биылдан бастап солтүстіктің суығына төтеп беретін отын өндірілетін болады.

Рауан Есқали, ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы:

 -20 қыркүйектен бастап Павлодардағы мұнай зауыты жөндеу жұмыстарына жабылады. Сол уақытқа дейін диқандарға барлық көлемін жіберетін болады. Шымкенттегі зауыт осыдан бастап дала жұмыстарын жүргізуге, әсіресе солтүстік өңірлерде 10 градусқа дейінгі төмендегенде қатпайтын отын, мұнай өнімін шығаруға келісілді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!