Биыл Қазақстан мен Қытай арасында бірлескен 9 жоба жүзеге асырылады

22:17, 19 қаңтар 2017

Олардың жалпы құны 1,7 млрд долларға бағаланып отыр. Бұл жобалар Қазақстанның «Нұрлы жол» және Қытайдың «Жібек жол» бағдарламалары арқылы жүзеге асырылмақ. 

«Еуропа мен Азияны байланыстыруға бағытталған екі бағдарлама бір-бірімен астасып жатыр», – дейді экономистер. 

Қазір Кәрі Құрлық пен Азия арасындағы сауда айналымын арттыру үшін арнайы банк құрылды. Қаржы институты Қазақстан мен Қытайдың алыс-берісін арттыруға да оң әсер етпек. Меже – жылдық тауар айналымын 40 млрд долларға жеткізу. Қазір ол 14 млрд шамасында. 

Бұл жаңалықтар бүгін Алматыда қазақстандық кәсіпкерлер мен Қытай елшілігі өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде айтылды. 

Вильмур Әукен, экономика ғылымдарының докторы 

-«Нұрлы жол» мен «Жібек жолы» бағдарламасының негізгі бағыттары ұқсас. Басты мақсаты – екі мемлекет арасындағы тауар айналымын арттыру. Сонымен қатар заманауи инвестициялық жобаларды қолдау.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!