Биыл елде 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады
Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz — 2020 жылы Қазақстанда 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, деп мәлімдеді Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР-ның премьер-министрі Асқар Мамин.
Үкімет басшысы халықтың сапалы инфрақұрылымы бар баспанамен қамтамасыз етілетіндігін атап өтті.
«Үкіметтің ерекше бақылауында халықты сапалы инфрақұрылымы бар тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі тұр. 2020 жылы 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. 150 мыңнан астам отбасы жаңа баспана алады. 2020 жылы 11 тазарту құрылыстарын жаңғырту басталады, жалпы 2024 жылға дейін 53 тазарту құрылыстарын жаңғырту қарастырылған», – деді ол.
Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Сонымен қатар, өткен жылы қазақстандықтар тұрғын үйді белсенді сатып ала бастады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл