Биыл Астанада «7-20-25» бағдарламасына 27 млрд теңгенің несиесі бөлінді

14:32, 21 ақпан 2019
501

Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Астана қаласы тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша елімізде көш басында, – деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Астанада өткен жылы 2,3 млн шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл дегеніміз 23 мың пәтер. Тек қана «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 110 мың метрді құрайтын 1419 пәтердің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, бүгінде 4,5 мың пәтерден тұратын 15 тұрғын үй кешені салынуда», – деді Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуінде. 

Сондай-ақ, қала басшысы апат жағдайдағы үйлерді сүру жайында сөз етті. Оның дерегінше, бүгінде 228 апат жағдайындағы тұрғын үй сүріліп, оның орнына 3,5 мыңға жуық отбасы жаңа баспаналы болды. 

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасына сәйкес Астана бойынша екінші деңгейлі банктерге 27 млрд теңгені құрайтын несие бөлінді. Бұл дегеніміз 2875 отбасы баспаналы болады деген сөз. Аталған бағдарлама оданда қолжетімді болуы үшін білім, денсаулық және полиция саласы қызметкерлеріне 1 млн теңге көлемінде 100 субсидия бөлінді. Осы  жылы аталған сала қызметкерлеріне тағы 2 мың сертификат табыс етіледі», – деді ол. 

Сонымен қатар, елорда әкімі құрылыстық үлескерлер мәселесіне тоқталып өтті. 

«Өз тарапымыздан қабылданған шаралардың арқасында проблемалы нысандардың санын 68-дан 29-ға азайттық (10344 үлескер). Сонымен қатар, проблемалы нысандардың құрылысын аяқтауға арналған жол картасын әзірледік. Құрылыс нысандарына жұмсалатын ақша мемлекеттің қаржысы екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан біз бұл мәселені шешуге арналған жол картасы 2022 жылға дейін жүзеге асырылады», – деді Б.Сұлтанов. 

Одан бөлек, Б. Сұлтанов Астана студеттеріне арналған жатақхана салу үшін 15 жер телімі бөлінетінін тілге тиек етті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!