Биыл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды

21:09, 20 қаңтар 2017
760

Ұйымның жақын мерзімге арналған жоспары қандай? Қай нарықпен көбірек жұмыс істейді?

Бұл сауалдарға белгілі «Блумберг» агенттігіне берген сұхбатында орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов жауап берді.

Жұрағат Баман, тілші

-«Блумбергтің» тілшісі Стивен Энглдің алғашқы сауалы қаржы орталығы қай нарыққа басымдық беретіні жөнінде болды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Еуроодақ пен Еуразияның өзара нарығына қаржылық қызмет көрсететкелі отырғаны белгілі. Ол тегін емес. Себебі қазір Орталық Азия елдерінің нарығы 70 миллионнан астам адамды құрайды. Бұл өте тиімді. Қазақстанның бүгінгі сауда-саттығының 50 пайызы Еуроодақ елдерімен болса, 20 пайызы Ресей мен Қытайға тиесілі. Бұл жерде көршілес елдермен экономикалық қарым-қатынас неге төмен деген сауал туындайды? Оған жауап бар. Себебі көбінесе біздің елге инвестицялар батыс елдері тарапынан келеді. Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания және Голландия елдері осы тізімдегі алдыңғы үштікте. Шетелдік әріптесіміз елдің қазіргі инвестициялық ахуалы жөнінде де сауал қойып еді. 

Белгілі Standard & Poor’s сараптамасы бойынша, Қазақстанға келетін инвестициялардың үштен бірі жарамсыз, яғни жұмыс істемей жатқан қарыз болып есептеледі екен. 

Қайрат Келімбетов бұл сұраққа да жауап берген. «Негізі соңғы бес жылда қолданыс аясын таба алмаған инвестицялық қаржы көлемі тек 10 пайызды құраған. Бұл көрсеткіш инвесторларды үркітпейді. Керісінше, сенім тудырады», – дейді ол. 

Қазір біз Ұлы Жібек жолын қайта жандандырып, Қытайдың алып нарығымен жұмыс істеудеміз. 

Мәселен, бұл елге экспортымыз жақсарды. Kaznex Invest-тің мәліметінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша, біз Қытайға 4,1 миллиард доллардың 331 түрлі тауар түрін жөнелткен екенбіз. Осылайша, Елбасының тапсырмасымен Орталық Азиядағы экономикалық ықпалымызды дамытып келеміз. Сөзге дәлелді қаржы орталығының басшысы келтірсін. 

Бүгін біз Қайрат Нематұлынан эксклюзивті сұхбат алдық. 

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы

-Болашақта ең мықты халықаралық сауда біздің еуразиялық экономикалық одақта болады және басқа Азия елдерінде болады. Соның ішінде Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзиядан инвестициялар тартуымыз керек. Сол туралы біздің Елбасымыз өзі жұмыс басқарады. Сондықтан менің ойымша, ендігі 5-10 жыл ішінде біздің экономиканы әртараптандыру үшін көп инвестиция тартуымыз керек. Қаржы орталығы оған жақсы қаржылық платформа болады.

Біздің елдің экономика саласындағы жоба-жоспарларына қаржы орталығы басшысы жауап берді. 

Алдағы үш жылдық бюджет шығындары мұнай бағасы барреліне 40 доллар деңгейінде бекітілген. Демек осы аралықта бюджеттің кірісі мен шығысы осы бағам негізінде анықталады. 

Сондай-ақ бес жыл көлемінде жекешелендіру бағдарламасы аясында «Самұрық Қазынаға» тиесілі елдің ішкі жалпы өнімнің 40 пайызын құрайтын 19 ірі кәсіпорынды жекеге беріп, экономиканы әртараптандыратынымызды айтты. Қаржылай қамсызданудың басты драйвері ретінде осы «Астана» халықаралық қаржы орталығының ашылуы демеу болатынын тағы сөз етті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!