Биыл Ақтөбе облысында мұнай ұрлығына қатысты 20-дан астам іс қозғалды

20:07, 20 қазан 2017

Жолдар демекші, жанармай тақырыбына ойыссақ. Өндірілген мұнай мен олардың қоспалары қатаң есепке алынуы тиіс.

Ресми мәліметке сәйкес, елімізде соңғы 3 жылда 189 миллион тонна қара алтын өндірілсе, экспортталған көмірсутек көлемі 2 миллион тоннаға артық. Мұндай айырмашылық қара алтын ұрлығының белең алып отырғанын дәлелдейді. Сондықтан жерден шығып, шекара асқанша қатаң бақылап, электронды жүйемен есептеуге көшуді құзырлы органдар талап етуі керек. Прокурорлар осылай дейді. Соңғы 3 жылда мұнай ұрлығына қатысты 723 қылмыстық іс тіркеліп, 11 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Көгілдір отын саласында да әлеуметтік газдың құнына қызығып, қол салу бар. Биыл қылмыстық топ анықталып, 20-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Көмірсутектің заңсыз айналымынан халық та зардап шекті. Ақпан-наурыз айларында Ақтөбедегі газ құю станцияларында көгілдір отын жетіспей, бағасы шарықтап 55 теңгеге жеткен. Қазір баға тұрақталып, 49 теңге болды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!