Биткоин құны 6 мың доллардан төмен түспейді

17:35, 20 маусым 2018

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – BlueLineFutures компаниясының басшысы CNBC басылымына берген сұхбатында алғашқы криптовалюта құны «шырқау шегіне» жетті, сондықтан да енді 6 мың доллардан төмен түспейтініне сенім білдірді, деп жазды forklog.com.

Компания басшысының сөзіне сенсек, биткоин бағасы алдағы уақытта $11 300 шегінен асқаннан кейін тоқтаусыз өсетін болады. Қазіргі таңдағы алғашқы криптовалютаның құбылмалы түрде айтарлықтай төмендеуін Барух биткоин құнының өз минимумына жақындауымен байланыстырып отыр. Оның айтуынша, енді сатылымдар қарқыны баяулайды, сондай-ақ баға өзгерістерінің төменге қарай құлдырауы бір жыл бұрын басталып кеткен.

«Минимум – бұл баға емес, үрдіс. Биткоинның бағасы мен құбылмалылығы Жерге түскен қазіргідей уақытта минимумды табу үрдісі басталуы мүмкін», – деп атап өтті BlueLineFutures президенті.

Сондай-ақ ол криптовалюталық фьючерстерді CBOE және СМЕ биржаларында іске қосу қарсаңында биткоин бағасы барынша қарқынды өскенін қоса айта кетті. Ол уақытта нарықтағы сауда қызып жатты, себебі алып-сатарлар қысқа мерзімдік пайданы уысынан шығарып алғысы келмеді.

2018 жылдың басында биткоин бағамының күрт төмендеп кетуі «шектен тыс құлшыныстарды шайып өтті».

Билл Барухтың пікірінше, жоғарылау беталысын жандандыру үшін биткоин әлі 8,5 мың доллар мөлшеріне дейін өсіп, содан кейін 10 мың доллар болатын психологиялық деңгейді қайта бағындыруы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, Trefis фирмасының талдаушылары жыл аяғына қарай биткоин 12,5 мың доллар мөлшерінде саудаланатынына қатысты сенімді пікір білдірген болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!