Бір жылда алтын бұйымдарының бағасы 8 пайызға артты

13:43, 24 мамыр 2018

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz – Қазақстан Республикасындағы алтын зергерлік бұйымдардың бір граммының бағасы 15,5 мың теңгені құрады, деп хабарлады energyprom.kz.

Алтынға қызығушылық танытатын ірі қалалардың бірі  Астана (23,9 мың теңге), Атырау (бір грамм үшін 18,7 мың теңге) және Өскемен (18,6 мың теңге).

Сонымен бірге, күмістен жасалған зергерлік бұйымдардың бағасы алтын сияқты біршама қымбаттады.  Жылына 8,5%-ға өсті. Бір граммы 1,4 мың теңге болды. Ең жоғары баға Атырауда (2,1 мың теңге), Алматы (1,9 мың теңге), Астанада (1,8 мың теңге) байқалды. Бағаның ең жоғары көрсеткіші Шымкентте болды. Сәуір айының қорытындысы бойынша күмістің бір граммының бағасы  1,5 мың теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының металлургтері 4 ай ішінде 28,8 тонна шикі және жартылай өңделген алтын өндірді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 8%-ға артық.

Ал, күміс өндірісі төмендеп келеді. 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында небәрі 334,2 тонна күміс өндірілді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға аз.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!