Билл Гейтс Bloomberg рейтингінде көш бастады

09:56, 18 қараша 2019

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz — Билл Гейтс соңғы екі жыл ішінде алғаш рет Bloomberg нұсқасы бойынша әлемнің ең бай адамдарының рейтингінде көш бастады.

Билл Гейтс рейтингте Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безосты басып озды.

Бұл ретте, Bloomberg Гейтстің байлығын 110 миллиард долларға, Безос 109 миллиард долларға бағалады.

Айта кетейік, Гейтс 2019 жылдың қазан айында Amazon-ның сәтсіз есебінен кейін рейтингте Безостың алдын орады, бірақ бұл позицияны ұзақ ұстай алмады.

Сонымен қатар, Гейтстің рейтингте бірінші орын алуына әсер еткен себептердің бірі — қазан айында Microsoft-тың Пентагонмен жасаған ірі келісім-шарты. 10 млрд долларға бағаланған келісім-шарт үшін компания Amazon-мен күреске түсті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!