Білім және ғылым министрі мұғалімдердің жалақысын көтеру туралы айтты

17:02, 21 қазан 2019
571

Алматы.  21 қазан. 7kun.kz  — Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Елбасының тапсырмасы аясында мұғалімдердің жалақысын қалай арттыруға болатынын айтты.

«Өте маңызды мәселе — педагогтардың еңбекақысы. Мемлекет басшысы Үкіметке педагогтердің еңбекақысын төрт жылда кемінде екі есеге арттыруды нақты тапсырды. Қазіргі уақытта бюджет жобасында келесі үш жылға арналған қаражат қарастырылған», — деді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, мұғалімдер үшін жалақы мен үстемеақы нысаны өзгереді.

«Бұл базалық лауазымдық жалақы (БЛЖ) емес, педагогтің лауазымдық жалақысы тікелей болады. Тиісінше, егер жалақы өссе, бұл жалақыға байланысты сыйлықақылардың өсуіне әкеледі. Осылайша, бұл біздің әріптестеріміздің жалақысы үшін нақты өсім болады », — деді Асхат Аймағамбетов.

Бұдан бұрын Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі қазақстандық ауылдық жерлердегі мұғалімдердің аз жалақы алатынын, бұл оқу сапасына тікелей әсер ететінін айтты.

«Бұл үлкен мәселе, ол шешілмеген. Бізде мектептердің 41%-ы аз қамтылған. Балаларда қажетті жағдайлар жоқ. Сондай-ақ мұғалімдердің жетіспеушілігі бар. Кейбір мектептерде қазақ тілі мұғалімі химия, физика және ағылшын тілі сабақтарын жүргізеді. Шағын жинақталған мектептерде жалпы сағат саны — 5 немесе 6. Ешкім мұндай қарқынға жұмысқа бармайды. Біз қаржыландыру және жалақы мәселесін қарастырамыз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, 2019 жылдың тамыз айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің жалақысын төрт жыл ішінде екі есеге арттыруды тапсырды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!