Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды

15:47, 18 сәуір 2019
454

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz  – Тележурналист Бибігүл Жексенбай «Астана» телеарнасының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін телеарнаға арнайы барып, ұжымға жаңа басшыны таныстырдым», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Бибігүл Жексенбай Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Сондай-ақ бизнес-басқару магистрі. Еңбек жолын қатардағы корреспонденттен бастап еліміздегі ірі БАҚ-тардың топ-менеджеріне дейін көтерілді.

Атап айтқанда, «Хабар» агенттігінде, Qazaqstan ұлттық телеарнасында және «Жетінші арнада» жауапты қызметтерды атқарған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!