BI Group холдингі туралы

18:06, 23 тамыз 2019
1623

BI Group — ірі құрылыс холдингі, Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы көшбасшы. Компания — көпсалалы, оның құрылымы құрылыстың, девелопменттің және инжинирингтің түрлі салаларындағы дивизиондар мен дирекцияларынан тұрады.

Анықтама

  • Құрылған жылы: 1995 жыл
  • Саласы: құрылыс
  • Бас директор: Айдын Рахымбаев
  • Қызметкерлер саны: 8000 адам
  • Түсім: 2018 жылы — 376 млрд теңге
  • Штаб-пәтері: Нұр-Сұлтан

Компания тарихы

1998 жылы — «АБК-Құрылыс» компаниясы құрылды — BI Group құрылыс бизнесінің негізі;

2001 жылы — BI Group құрылды;

2003 жылы — алғашқы үш тұрғын үй объектілерінің құрылысы аяқталды. Компания қызметкерлерінің саны 1000 адамнан асты. «BI-Жұлдызай» — ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру үшін корпоративтік қайырымдылық қоры құрылды.

2004 жылы — компания өзінің құрылыс материалдарының өндірісіне қаржы салды. Кәсіпорын негізінде «АБК-Пласт» (бес камералы профильді пластик терезелер өндірісі) және «ABK-Beton» (бетон өндірісі) құрылды.

2005 жылы — BI Group 17 объектіде жобалық және құрылыс жұмыстарын жүргізді.

2007 жыл — 20-дан астам тұрғын үй кешені салынды. «BI Group» АҚ холдинг болып қайта құрылды, оның құрылымында құрылыс, өндірістік-өнеркәсіптік, инвестициялық және девелопмент дивизиондары жұмыс істейді.

2009 жылы — компания «Самұрық-Қазына» қорынан тұрғын үй кешендерін тапсыру үшін несие желісін алды.

2010 жылы — «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің құрылысына қатысты. Бірінші қазақстандық «Астана – Бурабай» автобанын салды.

2011 жылы — премиум-класты тұрғын үй салу басталды. «Парижский квартал», «Миланский квартал», «Британский квартал» типтес үйлердің құрылысы бойынша жобалар жүргізілді. Астанада ТМД үшін «Тұлпар-Тальго» жүрдек вагондарын шығаратын инновациялық зауыттың құрылысы аяқталды.

2012 жылы — Мәскеу мен Алматыда өкілдіктер ашылды. Транскаспий дәлізі-Бейнеу‒Шалқар және Арқалық‒Шұбаркөл темір жол желілері құрылысының басталды. BI Group корпоративтік университетін құрылды. «Жетіген-Қорғас» трансұлттық магистралінің торабын салу жұмыстары аяқталды.

2013 жыл — «Зеленый квартал» жобасымен жұмыс.

2014 жылы — BI Group ‒ ENR Top-250 Global Contractors ірі құрылыс салушылардың әлемдік рейтингісінде ұсынылған Қазақстанның алғашқы және жалғыз компаниясы болды, 189 орынды иеленді.

2015 жыл — 1,4 млрд доллар айналыммен компания ENR Top-250 Global Contractors рейтингінде 164-ші орынды алды.

2016 жылы — мұнай-газ құрылысы нарығына шығу басталды. Осы жылы BI Group құрамында 3 компания, 16 дивизион болды, Қазақстанда және ТМД елдерінде 85-тен астам жоба жүзеге асырылды. Қазақстан тарихындағы бір компания бір жылда 1 млн шаршы метр салған алғашқы компания атанды. Компания Қазақстандағы ең ұзын көпірді салды — Ертіс өзені арқылы өтетін көпір.

2016 жылдың сәуірінде — BI Group компаниясының лоукостері — OTAU Development Group құрылыс компаниясы құрылды, ол қарапайым тұрғындар үшін қол жетімді баспана құрылысына мамандандырылған. Компанияның алғашқы жобасы — «NOVA Citу» ТК.

2016 жылдың маусымы — «МЖК-Ресей» жаңа дивизионы құрылды.

2017 жылы — EPC-серіктестік, халықаралық бизнеспен ынтымақтастық орнады. Алматыдағы тұрғын үй нарығының көшбасшысы атанды. Компания тарихында жалпы 4 млн шаршы метр салынды. Корпоративтік университет негізінде BI University құрылды. BI Group құрамында 4 компания, 19 дивизион болды. Топ қоржыны Қазақстан мен ТМД-дағы 115 жобаға жетті.

2018 жылы — BI Group Астана мен Алматыда тұрғын үй нарығының көшбасшысы болды. Бір жылда 7 мың пәтер салынды. Компания тарихында 5 млн шаршы метр тұрғын үй, өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылым салынды.

Қазақстан астанасының 20 жылдығына орай компания Есіл өзені бойынан «Атырау көпірі» жаяу жүргіншілер көпірін, Астана ботаникалық бағын және «JETISÝ» демалыс паркін салды.

Компанияның Ресейде, Сауд Арабиясы мен Түркияда шетелдік өкілдіктері ашылды. Бизнес-үдерістер мен өндірісті автоматтандыру басталды. BeInTech компаниясының цифрлық бөлімшесі құрылды.

BI University білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия алып, бизнес-білім беру нарығына шықты.

ТМД тарихында алғаш рет Астанада BI GROUP IRONMAN 70.3 Astana әлемдік жарысы өткізілді, оны өткізу құқығы BI Group тиесілі болды.

Холдинг құрамы

Холдинг құрамына 4 компания кіреді — BI Construction&Engineerinng, BI Infrastructure, BI Development және BI Property.

BI Construction&Engineerinng1995 жылы құрылған. Қызмет саласы — өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, әлеуметтік және жол инфрақұрылым құрылысы.

BI Development — 2001 жылы құрылды. Негізгі қызметі — тұрғын үй, коммерциялық үй-жайлар және бизнес-орталықтар құрылысы, салынған жылжымайтын мүлік объектілеріне сервистік қызмет көрсету.

BI Infrastructure — 2006 жылы құрылған.Қызмет саласы: жол және инфрақұрылымдық құрылыс.

BI Property — 2014 жылы құрылған, қызмет саласы -коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерін басқару және пайдалану.

B I Property қызметі — бұл жылжымайтын мүлік объектісін тиімді пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешені. BI Property өз қызметін төрт бағыт бойынша жүзеге асырады:

  • Facility management
  • Property management
  • Asset management
  • Building Management

Басшылық

Құрылтайшылары – Айдын Рахимбаев, Бауыржан Исабаев, Асхат Омаров және компания менеджменті.

Руслан Мергалимов — BI Construction & Engineering компаниясының бас директоры.

Максим Чернышов — BI Development компаниясының бас директоры.

Арман Жәкенов — BI Infrastructure компаниясының бас директоры.

Сарсекеева Гүлнұр — BI Property компаниясының бас директоры.

Дереккөздер: www.bi-group.org, company.bi.group, ru.wikipedia.org

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!