Белсенді дебеттік карталардың саны ұлғайып келеді

Алматы. 18 қазан. 7kun.kz — 2019 жылдың І жартыжылдығында жалақы қорының көлемі 3,8 трлн теңгеге жетті — өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға артық, жылдық өсім 10,1%-ды, 3,3 трлн теңгеге дейін құрады. Бұл ретте қызметкерлер саны тек 1,5%-ға, 3,8 миллионға дейін өсті, деп хабарлайды ranking.kz.
Жалақы қорының бір жыл ішінде алынған қолма-қол ақшаның көлеміне қатынасы 54,4%-дан 50,9%-ға дейін төмендеді, ал 5 жыл бұрын бұл көрсеткіш 81% құрады. Жалақы қорының төлем карталарындағы жалпы айналымға қатынасы өткен жылы 40,3%-дан 31,2%-ға дейін төмендеді (5 жыл бұрын — 71,7%). Ақша айналымындағы жалақы карталарының үлесі айтарлықтай төмендеп жатыр, бұл ретте белсенді дебеттік карталардың саны ұлғайып келеді: 2019 жылғы тамыз айының соңында олардың саны 14,3 млн болды, өткен жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішінен 2 есе артық. Белсенді дебеттік карталардың үлес салмағы пайдаланылғандардың жалпы санынан 81,3%-ын құрайды.
Жалақы қорының қолма-қол ақшаны алуға арақатынасының төмендеуі және карталар бойынша айналымның өсуі қазақстандықтардың төлем карталарына деген қызығушылығының артқанын көрсетеді, олар картаны тек жалақыны алу құралы ретінде ғана емес, өз қаржысын басқару құралы ретінде белсенді түрде пайдаланады. ҚР-дағы алынған қолма-қол ақшаның көлемі жалақы қорынан 2 есе артық. Алынған қолма-қол ақша сомасы жалақы қорынан аз жалғыз аймақ — бұл Атырау облысы, мұнда жалақы қорының қолма-қол ақшаға қатынасы 117,2%-ды құрады.
Алынған қолма-қол ақша көлеміне жалақы қорының ең аз қатынасы Алматыда байқалады: 29,8% (бір жыл бұрын — 37,9%); екінші орынды Түркістан облысы және Шымкент қаласы орналасқан: 40,2% (43,8%); үшінші орында — Жамбыл облысы: 42,9% (44,1%).
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:28, 19 қаңтар 2021
2020 жылдың соңында қазақстандықтар AliExpress-тен не іздеді?
-
11:28, 19 қаңтар 2021
2020 жылдың соңында қазақстандықтар AliExpress-тен не іздеді?
-
16:44, 14 қаңтар 2021
Банк қосымшасында техникалық ақау болса не істеу керек?
-
16:44, 14 қаңтар 2021
Банк қосымшасында техникалық ақау болса не істеу керек?
-
16:28, 14 қаңтар 2021
Іле-Алатау ұлттық паркінде тұңғыш визит-орталық таныстырылды
Пікір