Белгісіз трейдер биткоиннің құлдырауы кезінде миллиардер атанды

18:11, 20 ақпан 2018

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz — Биткоин-әмиянының мекен-жайы 3Cbq7aT1tY8kMxWLbitaG7yT6bPbKChq64 болған трейдер 9-12 ақпан аралығында сатып алулар жасаған. Нәтижесінде, оның шотындағы биткоиндердің саны 55-тен 96 мыңға дейін өсті, деп жазады Marketwatch.

360 Blockchain USA компаниясының президентінің айтуынша, сатып алуды Wall Street-тегі белгісіз бір ірі ойыншы жасады. Белгілі бір сәтте биткоиннің бағасы 6 мың долларға төмен түссе, қазір ол 11 мың доллардан асып кетті.  Осылайша, нарыққа қатысушы биткоиндағы дәулетіне байланысты миллиардерлердің тізіміне енді.

Нарықты жалпы капиталдандыру 500 млрд долларға жақындады. Жылдың басында құлдырауына қарамастан, шілде айында биткоин жаңа рекорд орындай алады. Бұл туралы жақында Fundstrat Global Advisors LLC басқарушы серіктесі Том Ли мәлімдеді.

Ол 2010 жылдан бастап биткоинның құлдырауын сараптай келе, криптовалютаның қайтадан қалпына келуі үшін оның құлдырауына қарағанда 1,7 есе көп уақыт кететінін жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!