Белгілі вирусолог өзі даярлаған вакцинаны салдырған соң коронавирус жұқтырған

10:57, 11 маусым 2021

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті халықаралық вакцина орталығының басшысы Қайсар Табынов өзі даярлаған вирусқа қарсы вакцинаны салдырған соң коронавирус жұқтырған. Бұл туралы оқу ордасының баспасөз қызметі хабарлайды. 

Жақында ғана Қазақстанның 100 жаңа есіміне енген вирусолог ғалымның өзі де бұл туралы отандық БАҚ өкілдеріне хабарлаған.

Оның айтуынша, бұл вирустың британдық штаммы, ал өзінің қабылдаған вакцинасы Ухань штаммына қарсы екпе болған.

«Екі штаммның арасында кәдімгідей айырмашылық бар. Бірақ вакцина мені сонда да қорғауы керек еді. Мұнда төрт фактор бар: біріншіден, вакцинаның өзекті құрамы болуы керек еді, екіншіден, он ай уақыт өтіп кетті, ал бұл көп уақыт. Үшіншіден, бұл вирустың мутациясы. Төртіншіден, бұл стресстік фактор», дейді Қ.Табынов.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!