Бәйтерек 16 млрд теңгеге облигация шығарды

17:10, 11 маусым 2019
79

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz — «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 16 миллиард теңгеге облигация шығарды. Бұл туралы KASE-де жарияланған құжатта айтылған.

«ҚР Ұлттық Банкі 130540020197 бизнес — сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркелген «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының мемлекеттік емес облигацияларының шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүргізді», — делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, шығарылым халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) KZ2C00005965 берілген қамтамасыз етусіз 16 млн купондық облигацияларға бөлінген.

Источник: 7kun.kz


Пікір