«Бәйтерек» холдингінің жылдық бюджеті бекітілді
Алматы. 22 қараша. 7kun.kz — «Бәйтерек «Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында 2020 жылға арналған жылдық бюджет және 2019-2021 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер бекітілді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен жиналыста өзге де мәселелер талқыланды.
«2016-2019 жылдары «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан 824 млрд теңге бөлінді, бұл қаржы жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, үлестік салымдарды кепілдендіруге, отандық экспортшыларды, қазақстандық шикізаттық емес тауарлар өндірушілерін және сыртқы нарықтарда қызмет көрсетушілерге қолдау көрсетуге, ауылдық елді мекендерді кең жолақты интернет желісімен қамтамасыз етуге, 2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салуға, көп балалы, толық емес және аз қамтылған отбасыларды несиелендіруге және басқа да жобаларға бағытталды», — делінген хабарламада.
Отырыста 2017-2021 жылдарға арналған түзетілген (2019-2021 жылдарға қатысты) даму жоспары мен 2019 жылға арналған «Бәйтерек» холдингінің жылдық бюджеті, сын-тегеуріндер бойынша есеп, Холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2019 жылдың үшінші тоқсанына есебі, жылдық бюджеті және «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ даму жоспарына «ҚТҮҚЖБ» АҚ-ның «Өз үйім» бағдарламасын, автомобиль өнеркәсібі мен құрылыс секторындағы жобаларды іске асыру, көлік және индустриялық инфрақұрылымды жаңғырту, өңдеу өнеркәсібін қаржыландыру және т.б. мақсаттарда түзетулер енгізілді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл