БЦК «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтем төлеуді жалғастырады

14:35, 3 маусым 2020

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем төлейтін агент банк — «Банк ЦентрКредит» АҚ-пен арадағы агенттік келісімнің мерзімін 6 айға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады. 

Келісімше сәйкес агент банк өз бөлімшелерінде «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтем төлеуді 2020 жылдың 22 қарашасына дейін жалғастырады. 

Агент банкпен арада қайтадан қол қойылған келісімнің мерзімі аяқталған соң, салымшылар тікелей Қорға, дәлірек оның Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы бөлімшелеріне жүгіне алады. Елміздің басқа өңірлерінде тұратын салымшылар өтініштерін және нотариус куәландырған құжаттарын пошта арқылы жіберіне болады.

Бұл оларға қосымша шығын келтіретіні белгілі. Сондықтан Қор салымшыларға кепілдік берілген өтемді алу үшін Агент банктің бөлімшелеріне жүгінуді ұсынады. Ал бұл үшін алдын ала 505 нөмірі (ұялы телефон арқылы хабарласу тегін) 8 (727) 244 30 30 немесе www.bcc.kz. сайты арқылы банк бөлімшесінің жұмыс тәртібін анықтап алған жөн. 

Салымшылар өтінішті агент банкке тікелей немесе сенім білдірілген тұлға арқылы ұсына алады. Жеке өзі келген жағдайда салымшы өтемді төлеу жөнінде өтінішті және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Ал сенім артылған тұлға басқа құжаттармен қоса нотариус куәландырған сенімхаты болуы керек.

Агент банк Қордың атынан және қаражаты есебінен жеке тұлғалар мен дара (жеке) кәсіпкерлердің «Delta Bank» АҚ-тағы депозиттері, ағымдағы шоттары және төлем карточкалары бойынша өтем төлейді.    

Еске сала кетелік, «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді агент банк арқылы төлеу 2018 жылдың 17 мамырынан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде жалпы сомасы 99,7 млн теңгеге өтем төленді. Бұл Қор міндеттемелерінің жалпы сомасының 49,5 пайызын құрайды. Барлығы 326 салымшы депозиттері бойынша өтем алды. Бұл «Delta Bank» АҚ салымшыларының жалпы санының 12 пайызына тең.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!