«Баспана» ипотекалық ұйымы «7-20-25» бағдарламасымен 19 млрд теңге несие берді

14:58, 19 наурыз 2019
477

Алматы. 19 наурыз. 7kun.kz – «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ «7-20-25» бағдарламасын жүзеге аыру үшін жыл басынан бері 19 млрд теңгеге 1 639 несие берген. Бұл туралы «Баспана» ИҰ Басқарма басшысы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді.

Басшының айтуынша, 2019 жылдың басынан бері неие портфелі 49%-ға ұлғайған.

«Бағдарламаны жүзеге асыруға 14 наурыздағы  мәлімет бойынша, жалпы, 120 млрд сомасына 10 500 өтінім берілді. Оның ішінде банктер 72 млрд теңге 6 165 өтінімді мақұлдады.  58 млрд теңге 4 868 қарыз берілді. «Баспана» ИҰ 49 млрд теңгеге 4 132 несие сатып алды», – деді Қайрат Алтынбеков Үкімет отырысында.

Қайрат Алтынбеков несиеге өтініш беретіндердің негізгі бөлігін 25-35 жас аралығындағы азаматтар құрайтынын атап өтті. Ипотекалық несиенің орташа сомасы Алматы, Астана, Ақтау, Атырау қалаларында 13 млн теңгені, қалған өңірлерде 9 млн теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, «7-20-25» бағдарламасы 2018 жылы құрылды, оған 8 банк қатысады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!