Бас прокурор Жақып Асанов «көлеңкелі бизнеспен» күресті күшейтуге шақырды

09:52, 24 қараша 2017

Астана. 24 қараша. 7kun.kz — Бас прокурор Жақып Асанов 23 қарашада Астанада өткен «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау форумында «көлеңкелі бизнеспен» күресті күшейтуге шақырды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Аталған Форумның жұмысына парламент депутаттары, президент әкімшілігінің, Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, сондай-ақ консультативтік кеңес мүшелері қатысты.

Бас Прокурор Жақып Асанов алғы сөзінде қатысушыларға осыған дейінгі Форумда қабылданған Жол картасындағы шешілуі тиіс мәселелерді еске салды.

«Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев Жақып Асановқа бизнестегі жүйелі мәселелерді шешудегі жемісті ықпалдастығы үшін алғысын білдірді.

«Бас прокуратура, оның рөлі өзгеруде. Бүгінде прокуратура органдарының кәсіпкерлердің қорғаныш табатын, белгілі бір мәселелерде білікті көмек алатын орнына айналғанын көріп отырмыз. Жыл сайын өңірлерді аралап, Бас прокуратураның қызметіне қолдау сөздерді естиміз»,-деді Тимур Құлыбаев.

Бас прокурор баяндамасын қорытындылай келе, Экономикалық қылмыстар қызметіне  «көлеңкелі бизнеспен» күресті күшейтуге, ал «Атамекен» ҰКП жосықсыз кәсіпкерлерді анықтауда қолдан келер көмектерін аямауға шақырды.

2017 жылы Бас проруратура бизнесті тексеру үшін арнайы рұқсат алу керектігі туралы заң қабылданды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!