Банкоматтарда ұсақ ақша неге жоқ?

13:23, 22 ақпан 2018

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz — ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев екінші деңгейлі банктердің банкоматтарында неге ұсақ ақша болмайтынын түсіндірді. Бұл туралы ол Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында мәлімдеді.

Онлайн сауал қоюшы банкоматтарда үнемі ұсақ ақша болмайтынына шағым білдірді.

«Бізге бұл мәселе жақсы таныс. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерді ақшаның барлық номиналдарымен қамтамасыз етеді. Бірақ банктерге ірі ақша салған тиімді. Себебі, бұл жиі ауыстыруды талап етпейді. Сонда олар инкассацияға кететін шығынды азайтуға тырысады», – деді Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банк банктерді мәжбүрлей алмайды.

«Қатаң талап жоқ. Алайда, егер кімде шағым болса Ұлттық банкке онлайн режімде жүгіне алады»,- деді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!