Банкноттар мен монеталарда орыс тілінде жазбалар болмайды
Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталарының дизайны тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Zakon.kz.
Тұжырымдама сәйкес, банкноттар мен монеталар дизайнының міндетті элементтері болып табылады:
номиналдың сандық немесе әріптік белгісі;
қолданыстағы қорғау технологияларын қолдана отырып, түпнұсқалықты анықтауға мүмкіндік беретін және қолдан жасаудан қорғауды қамтамасыз ететін элементтер;
эмитенттің елінің ресми атауы;
банкноттардың бет жағында және монеталардың бет немесе сырт жағында орналасқан ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі.
Банкноттар дизайнының қосымша элементтері сериялық нөмірі және дизайнның бекітілген жылы болып табылады.
Монета дизайнының қосымша элементі – монетаның соғылған жылы.
Банкноттар мен монеталар дизайнында келесі суреттердің бірі немесе бірнешеуі қолданылады:қазақ ою-өрнегі немесе оның құрамдас бөліктері;
Қазақстанның тарихы мен дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың портреттері;
Қазақстанның бірегей тарихи, географиялық орындары мен сәулет ескерткіштері немесе олардың фрагменттері;
мемлекеттік және халықаралық оқиғаларға арналған суреттер;
Қазақстан флорасы мен фаунасы өкілдерінің бейнесі;
тарих, мемлекет, саясат, құқық, экономика, ғылым, білім, мәдениет, өнер, спорт, Қазақстанның дамуымен байланысты бейнелер;
Дүниежүзілік құндылықтарға, игіліктерге, тарихқа және мәдениетке байланысты суреттер;
ҚР Ұлттық Банкінің тауар белгісінің (логотипінің) бейнесі;
өзге сандық және әріптік жазулар.
Банкноттар мен монеталардың дизайнында пайдаланылатын жазбалардың мәтіні мемлекеттік тілде жазылады. Инвестициялық және коллекциялық монеталардың дизайнында шет тіліндегі жазбаларды пайдалануға болады.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл