Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алуларды жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

18:04, 18 наурыз 2017

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар саласын жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында орталықтандырылған қызмет қағидасы бойынша сатып алулардың бірыңғай жүйесін құру мәселелері талқыланып, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың Шығыс Қазақстан облысындағы отандық бизнес өкілдерімен кездесуі барысында айтылған ұсыныстар қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Премьер-Министрі Б.Сағынтаев отандық мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

primeminister.kz

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!