БАҚ: Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

16:55, 6 қаңтар 2020

Алматы. 6 қаңтар. 7kun.kz — Жомарт Ертаевтың ісі бойынша басты сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот процесі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Роман Селицикийдің қарауымен өтіп жатыр.

Сот залында 37 сотталушы отыр. Қылмыстық іс 700 томнан, ал айыптау актісі 3600 парақтан тұрады. Сонымен қатар судья сотталушыларға олардың құқықтарын да оқып берді.

«Кінәмді толық мойындаймын», — деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін.

Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған болатын. Ал Қазақстанда биылғы наурыз айында қамауға алынған.

Ертаевқа тағылған негізгі айып — Bank RBK-ға тиеселі 144 миллиард теңгені ұрлаған. Тағылған айып бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін сотталып, мүлкін тәркіленеді, өмір бойы лауазымды иеленуге тиым салынады.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!