БАҚ туралы заң қайта қаралатын болды

Нұр-Сұлтан. 26 мамыр. 7kun.kz – БАҚ туралы заңды қайта қарау үшін жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі президенттің медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін үкіметтік емес ұйымдар мен журналистік қоғамдастықтың бастамасы бойынша арнайы жұмыс тобының құрамын бекітті.
Жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының, интернет-ресурстардың және жарнама агенттіктерінің өкілдері кірді.
Бұл құрам азаматтар мен ұйымдардың жіберген ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ, қолданыстағы нормаларды қайта қарауды жоспарлап отыр.
Министрліктің мәліметінше, жұмыс тобының құрамына кандидатураларды енгізу бойынша қосымша ұсыныстар түсіп жатыр екен. Ведомство бұл ұсыныстардың барлығын қарастырып, қажет болған жағдайда кандидатураларды тікелей жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін шақырамыз деді.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:15, 1 шілде 2022
Қазақстанда маусымда инфляция 1,6%-ды құрады
-
18:07, 1 шілде 2022
«7-20-25» бағдарламасы аясында 47 мыңға жуық қарыз берілді
-
17:42, 1 шілде 2022
Теңгенің демалыс күндеріне арналған бағамы белгіленді
-
15:30, 1 шілде 2022
Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» басшысы қызметінен кетеді
-
12:55, 1 шілде 2022
«Жібек жолы» кемесі басып алынған Украина портынан 7 мың тонна астықты заңсыз экспорттаған