«Азаматтарға арналған үкімет» басшысының орынбасарлары ауысты

13:06, 18 шілде 2018
819

Алматы. 18 шілде. 7kun.kz – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басшылығының құрамында бірқатар өзгерістер орын алды, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Басқарма Төрағасының орынбасарлары Ғалым Қарқынбаев пен Қаңтар Орынбаевтың орнына Дастан  Жантелиев пен Оксана Виннник тағайындалды.

Жантелиев Дастан Темірәліұлы 1985 жылы дүниеге келген.  Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Тау машиналары және жабдықтау – инженер» мамандығы бойынша түлегі. Сондай-ақ қоныстандырушы магистрі және қаржыгер, заңгер дипломдарына ие.

Еңбек өтілін 2009 жылы «МемжерҒӨО» РМК-да қоныстандырушы-техник болып бастаған.  «МемжерҒӨО» РМК  құрылымында Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша, сонымен қатар мекеменің орталық аппаратында басқарушы лауазымдарын атқарған.  2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру  департаменті директоры, трансформациялаудан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Алматы қаласы бойынша филиалы директоры болған.

2018 жылдың шілде айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Винник Оксана Викторовна 1977 жылы дүниеге келген.  1998 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ өнеркәсібіндегі қаржы менеджері» мамандағы бойынша тәмамдаған.

Еңбек өтілін 1998 жылы «ҚазГерМұнай» мұнай компаниясынан бастаған, 2007 жылы коммерциялық құрылымда, қаржылық, әкімшілік-заңгерлік мәселелермен айналысып, басқарушы лауазымдарында жұмыс істеген. 2016 жылдың қазан айында «Казахстанская правда» Республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың шілде айында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ  Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!