Ауылдағы жоғары санатты мұғалімнің жалақысы 180 мың теңге болады – Шәмшидинова

12:01, 18 наурыз 2019

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – Маңғыстау облысына іс сапармен барған білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қаладағы жоғары санаттағы мұғалімнің жалақысы 158034 теңге, ал ауылдық жерлерде 180908 теңге болатынын хабарлады.

К. Шәмшидинованың айтуынша, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға дейін артқаннан кейін мұғалімдердің де жалақысы артады. Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін көтереді , жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы бастама болмақ.

Жұмыс сапары аясында Министр Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Алдымен мектеп-гимназияның педагогикалық құрамымен кездесті. Сондай-ақ, IT-сыныбы мен робототехника сыныбындағы оқушылардың жұмысымен танысты.

Айта кетейік, 2018 жылы Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жалпы, қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді, онда 30579 оқушы оқиды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!