Ауқымды жұмыс ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруден басталуы керек

21:38, 16 ақпан 2017
529

Ауыл шаруашылығының тамырына қан жүгірту мәселесі Елбасы Жолдауында айтылды. Бұл сала ел экономикасының жаңа драйверіне айналуы тиіс делінді.

Бүгін «Ауыл» партиясының өкілдері Алматыда бас қосып, Президент жүктеген осы міндетті орындаудың жолдарын қарады. 

«Ауылдықтар»: «Ауқымды жұмыс ұсақ шаруашылықтарды ірілендіруден басталуы керек», – десті.

Төлеген Сыдыхов, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының орынбасары:  

-Елбасының Жолдауында ауыл шаруашылық негізгі драйвер болуы мүмкін деп бекерден-бекер айтып отырған жоқ. Біздің Қазақстанның резерві, мүмкіншілігі, өзін-өзі тамақпен, азықпен қамтамасыз ететін жағдайы бар. Өзіне ғана емес және экспортқа да шығаратын жағдайы бар. Сондықтан ауыл шаруашылығына көңіл бөлініп отырғаны өте дұрыс. Осы аграрлық мәселені шешетін мәселелердің біреуі сол кооперация болып тұр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!