Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеу жұмыстары үшін уақытша жабылады

15:19, 17 тамыз 2017

Атырау. 17 тамыз. 7kun.kz — Атыраудағы мұнай өңдеу зауыты 18 тамыз-29 қыркүйек аралығында жоспарлы жөндеу жұмыстары үшін жабылады, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

Жөндеу барысында жабдықтар техникалық тексеруден өтіп, сору-компрессорлық құрылғы тексеріледі, құбырлар мен технологиялық пештердің жұмысы текеріліп, энергетикалық жабдықтарына профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Ары қарай жөндеу жұмыстары 3-4 жылда ғана жүргілімек.
«Жөндеу жұмыстары жанармай нарығының тұрақтылығына әсер етпейді. Жөндеу кезінде МӨЗ қосымша қоймасында жеткілікті жанармай жинақталған. Бұл аймақтың қажеттілігін толықтай қаматамасыз етеді» делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауыты бар: Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары. Бұлардың барлығын ҚазМұнайГаз бақылайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!