АТФ банктің басшысы ауысты

14:19, 16 сәуір 2019

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz –  «АТФ Банк» АҚ басшылығында өзгерісдер орын алды. Банк басшысы болып Сергей Коваленко тағайындалды.

Сергей Коваленко бұған дейін Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

«12 сәуірде Директорлар кеңесінің шешімімен АТФБанктің басшысы қызметінен Энтони Эспина кетті . Оны Сергей Коваленко ауыстырды», — деп хабарлады фининститутта.

Айта кетейік, Эспина бұл қызметті 2013 жылдың мамыр айынан бастап атқарған.

Коваленко әр жылдары Индуистриалбанктегі маркетинг жөніндегі директор және «Жаңа пошта» компаниясының даму жөніндегі басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылы АТФ Банктің басқарушы директоры болып тағайындалды.

2017 жылғы сәуірден бастап фининститут басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!