АТФ банк өз серіктестері үшін бірқатар аймақта форум өткізеді

12:32, 14 наурыз 2018

Алматы. 14 наурыз. 7kun.kz – 2018 жылдың 15 наурызында Шымкентте АТФ банк серіктестерінің бірінші аймақтық форумы өтеді. Форум Қазақстанның үш оңтүстік қаласынан – Шымкент, Тараз және Қызылордадан банктің серіктес желісінің бір бөлігін жинайды. Жыл бойы осындай іс-шаралар төрт аймақта өтеді. Ал ең үлкен форум Алматыда жылдың соңында болады. Бұл форумда бүкіл Қазақстан кәсіпкерлері жиналады.

«Біз негізгі қызметтер жиынтығы бар стандартты банк болғымыз келмейді. Бүгінде кез келген салада жаңашылдар көшбасшы саналады. Біздің банк осы бағытта жылжып келеді. Біз клиенттермен тек кредиттік ұйым ретінде ғана емес, ең алдымен,  жаңа мүмкіндіктер көзі ретінде қарым-қатынас құруды қалаймыз», – деді Басқарма төрағасының орынбасары Сергей Коваленко және АТФ банк АҚ Басқарма мүшесі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – банктің клиенттері арасында жаңа өзара қатынас орнату және банк пен «Даму» қорының және мемлекеттік құрылымдардың атынан банктің серіктестерімен өзара қарым-қатынастарды нығайту үшін алаң құру.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!