АТФ банк KASE-ге 60 млрд теңгелік облигацияларын орналастырды

16:27, 15 наурыз 2019

Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – «АТФБанк» АҚ 14 наурызда KASE-де жылдық 10,95%-бен 60 млрд теңгеге жеті жылдық облигацияларды орналастырды. Бұл туралы биржада хабарланды.

Хабарламаға сәйкес, облигациялардың шығарылған барлық көлемі орналастырылған. Сауда-саттыққа 2 өтінім келіп түсті, оның екеуі де қанағаттандырылды. Белсенді өтінімдердің барлық көлемі институционалдық инвесторлардың үлесіне тиді.

Қағазға өтінім жинау 14 наурызда сағат 11:30-дан сағат 15:00-ге дейін өтті.

Қағаздарды өтеу мерзімі – 7 жыл, номиналы – 1 мың теңге.

Айта кетейік, банк орналастыруды өз бетінше ұйымдастырды.

Қазіргі уақытта айналымда жалпы сомасы 350 млрд теңге болатын банктің биржалық облигацияларының 8 шығарылымы және 100 млн доллар көлеміндегі облигациялардың бір шығарылымы бар.

Ұлттық банк деректері бойынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық 28 банктің ішінде активтер көлемі бойынша «АТФБанк» АҚ 7 орынды иеленді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!