Атамекен: отандық кәсіпорындардың 44%-ы қызметін тоқтатты

23:38, 13 сәуір 2020
6704

«Атамекен» ҰКП сауалнама жүргізіп,  төтенше жағдайдан айтарлықтай зардап шеккен салаларды анықтады.

Оның қорытындысы бойынша  отандық кәсіпорындардың 44%-ы қызметін тоқтатқаны белгілі болды, ал шығын көлемін 232 млрд теңгеге бағалап жатыр.

9 сәуірдегі ахуал бойынша сауалнаманы 2 148 кәсіпорын толтырған. Олардың басым  бөлігі ауыл шаруашылығына тиесілі. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар өндірісінің жалпы үлесі 2019 жылға сала өндірісінің көлемімен салыстырылған. Мұнда құрылыс саласы 17%-бен көш бастап тұр, ауыл шаруашылығы –  4,4%, сауда – 4% және т.б.  Сауалнаманы ең аз толтырған, бірақ айтарлықтай әлеуеті бар салалар – өңдеу өнеркәсібі, сауда, көлік және мейрамхана бизнесі.  

Кәсіпорындарға жүргізілген салалық сауалнама ТЖ кезеңінде әзірге ауыл шаруашылығы саласы ғана қаржы тұрғысынан тұрақтылықта екенін көрсетті (41%).  Ал дағдарыста тұрған салалар: туризм – 70%, мейрамхана бизнесі – 60%. Қаржылық жағдайы тұрақтылар: құрылыс – 63%, сауда – 55%,  ИТ-қызмет – 53%, білім беру – 43%. 

Төтенше жағдайдан кейін ауыл шаруашылығы (46%) және білім беру саласы (54%)  қаржылық тұрақтылықта қалуы мүмкін. Ал  туризм – 52%, мейрамхана бизнесі – 36% қиын жағдайда болуы мүмкін деп көрсетілген.Қаржылық жағдайы тұрақұсыз болуы мүмкін: медицина қызметтері – 58%, ИТ-қызметтер – 57%, өңдеу өнеркәсібі – 54%. 

Сауалнамаға қатысқандардың төрттен бір бөлігі өндіріс көлемінің 50%-ға дейін төмендеуін және өндірілетін тауарлар құнының 20%-ға қымбаттауын күтуде. 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!