ASUS компаниясы iPhone X дизайнына ұқсас смартфон шығарды

13:12, 19 ақпан 2018

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Желіде ASUS компаниясының Zenfone 5 жаңа смартфонының алғашқы суреттері пайда болды, деп хабарлады life.ru порталы.

Порталдың хабарлауынша, жаңа смартфонның дизайны iPhone X дизайнына ұқсас және оның да жиектемесі болмайды.

“ASUS жаңа өнімінің техникалық сипаттамасының толық тізімі әлі жарияланған жоқ. Алайда, гаджет экранының пішіні 18:9 болатыны анықталды. Сонымен қатар, akket сайтында Qualcomm процессоры және Zenfone 5 қолданушы интерфейсінің жаңа нұсқасы жайында айтылады”, – делінген жарияланымда.

Айта кетейік, Zenfone 5 ресми түрде MWC 2018 көрмесінде таныстырылады. Ол Барселонада 26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өтеді.

Похожее изображение

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!