Астанада тұрғын үй заңнамасының өзгерістері талқыланды

12:30, 16 ақпан 2018

Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Астанада Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының негізгі өзгерістерін талқылау және пікір алмасу жөнінде сараптамалық кеңес өтті. Оған ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ), «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, жергілікті атқарушы органдарының өкілдері және сарапшы-практиктер қатысты.

Кеңес Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнесті дамыту үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» бірлескен жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта тұрғын үй заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың ең қолайлы үлгісін қалыптастыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына шағын және орта бизнесті одан әрі тартуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасы бекітілді. Ол бойынша салыстырмалы кесте дайындалатын болады.

Сараптамалық кеңестің қорытындысы бойынша, барынша қолайлы ұсыныстар мен толықтырулар қалыптастырылады. Олар одан әрі қаралуы үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне жіберіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!