Астанада шахматтан Әлем чемпионаты өтеді

12:11, 19 ақпан 2019
389

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Ертең сағат 11:00-де«Астана» Халықаралық қаржы орталығында (Мәнгілік ел даңғылы, 53, С-3.3 павильоны) классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионатының өткізілуіне арналған баспасөз-конференциясы өтеді.

Шараға ҚР мәдениет және спорт министрі – Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан шахмат федерациясының Атқарушы директоры – Ирина Грищенко, гроссмейстер, ҚР әйелдер құрамасының мүшесі – Динара Садуақасова және гроссмейстер, ҚР ерлер құрамасының мүшесі  – Әнуар Исмағамбетов  қатысады.

Наурыз айында Астанада, әлемнің 14 елінен ең мықты құрамалар қатысатын  классикалық шахматтан Командалық Әлем Чемпионты өтеді.

Мұндай іс-шара Қазақстанда алғашқы рет өткелі отыр. Турнирде Қытай, Әзірбайжан, Иран, АҚШ, Ресей,  Ұлыбритания, Үндістан,  Украина, Грузия, тағы да басқа елдерден және Қазақстаннан 20 құрама ойнайды – 10 ерлер және 10 әйелдер командасы. Олардың арасында әлем чемпиондары, континенттік чемпиондар, FIDE 2018 Олимпиадасынан соң ең жоғары рейтингтерімен 6 команда, қабылдаушы федерациядан екі команда және де FIDE президентімен тағайындалған екі команда болады.  Командалық есепте Әлем чемпионы атағы – бөлек түрде,  ерлер және әйелдер командаларына беріледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!