Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өңірлерде ілгерілету мәселесі талқыланды

09:56, 13 сәуір 2017

«ЭКСПО-2017» көрмесі ұйымдастырушысының кеңсесінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Халықаралық мамандандырылған көрмені жылжыту жұмысы, өңірлерден келушілерді және шетелдік туристерді тарту, еріктілерді даярлау осы және өзге де сұрақтар талқыланды.

Кеңес қатысушылары көрме нысандары, павильондардың контенті, билеттік бағдарлама және оның шарттары туралы егжей-тегжейлі таныстырылып, «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұсынылды.

Ұлттық компанияның жетекшісі «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі Елбасының жобасы екендігін әрі жер-жерде әкімшілік ресурс арқылы келушілерді тарту орынсыздығын атап айтты.

«Сіздер (шенеуніктер) азаматтарға Көрменің мақсаты мен міндетін, оның болашақта Қазақстан экономикасына тигізетін мультипликациялық әсерін түсіндірулеріңіз қажет. «ЭКСПО-2017» көрмесін сәтті өткізудің кепілі мәжбүрлеп міндеттеу емес, істі тиімді жылжыту және жарнамалау болып табылады», – деп көрсетті Ахметжан Есімов.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!