Астанада бизнес орталықтар жаңа стандарттарға сай салынады

00:24, 20 қазан 2017

Астана. 20 қазан. 7kun.kz — Астана қаласының әкімдігі жаңа еуропалық стандартқа сай келетін Құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНМЕ) енгізуді жоспарлап отыр деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұровтың айтуынша, жаңа стандарттың енгізілуі ғимараттың құрылыс құнына әсер етуі мүмкін. Жеке кәсіпкерлерге енді өздеріне ұнаған және қалтасына қонымды кеңсе табуы жеңіл болады.

«Біз кәсіпкерлерге офистік үй-жайлардың шағын мөлшерін жалға беру жайын талқыладық. ҚНМЕ бойынша шектеулер бары анық. Құрылысшыларға жуынатын бөлме мен дәретханасы бар, шаршы метрі аз ғимаратты салу қиын. Бұл құрылысшы үшін және жобалау барысында қолайсыздықтар тудырады. Оларға осының барлығын құрылыс құнына енгізу керек» — дейді ол.

 

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!