Астана қаржы орталығы халыққа төмен пайызбен несие беруге ықпал етеді

12:20, 20 қыркүйек 2017

Қазақстанда Ислам қаржыландыру жүйесі арқылы жеке тұлғаларға несие беріледі. Яғни халыққа пайыздық мөлшері төмен қарыз қолжетімді болады.

Игі бастаманың тізгіншісі – келер жылдың басында ашылатын Астана халықаралық қаржы орталығы. Үкіметте өткен арнайы брифингте жағымды жаңалықпен орталықтың басшысы Қайрат Келімбетов бөлісті. Негізі қаржы орталығының басты бағыты елге инвестициялар тарту болғандықтан, қазір Еуроодақ пен Еуразияның өзара нарығына қаржылық қызмет көрсетуге бел буып отырғаны белгілі.

«Бұл тегін емес. Себебі қазір Орталық Азия елдерінің нарығы 70 миллионнан астам адамды құрайды. Бұл өте тиімді. Қазақстанның бүгінгі сауда-саттығының 50 пайызы Еуроодақ елдерімен болса, 20 пайызы Ресей мен Қытайға тиесілі», – дейді Қайрат Келімбетов.  

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы: 

-Болашақта ең мықты халықаралық сауда біздің Еуразиялық экономикалық одақта және басқа Азия елдерінде болады. Соның ішінде Қытай, Гонконг, Сингапур, Малайзиядан инвестициялар тартуымыз керек. Сондықтан менің ойымша, ендігі 5-10 жыл ішінде біздің экономиканы әртараптандыру үшін көп инвестиция тартуымыз керек. Қаржы орталығы оған жақсы қаржылық платформа болады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!