«Астана» қаржы орталығы Bloomberg, CNN, BBC агенттіктерімен жұмыс істейді

14:19, 20 қыркүйек 2017

Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін Астанада өткен конференцияда «Астана» қаржы орталығының атқарушы директоры Саясат Нұрбек қаржы орталығының стратегияларын айтып өтті.

Қазір орталықтың әлемдік нарықта ірі бес стратегиялық серіктестігі бар.

«Жаһандық қаржы орталығының деректерінше, 800-ге жуық қаржылық орталық ашылып жатыр. Әсіресе Оңтүстік Шығыс Азияда капиталдың шоғырландыру процесі болып жатыр. Яғни қаржы қызметтеріне үлкен сұраныс бар. Дамып келе жатқан көптеген мемлекеттер өзінің шоғырланған капитал жүйесін көрсеткісі келеді. «Астана» қаржы орталығының әр аймақта стратегиялық серіктестері бар. Олар үлкен бес нарық — Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия, ТМД елдері, Европа, Солтүстік Америка және Таяу Шығыс елдері», — деді.

Сонымен қатар, қаржы орталығы екінші басымдық бағыты бойынша ірі халықаралық агенттіктермен және БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін болады.

«Қазір қаржы нарықтарында инвесторлар екі топқа бөлінді. Дәстүрлі қаржы нарықтарының өкілдері. Олар өте ірі инвестициялық банк және қаржылық ұйымдардың басшылары. Негізгі ақпараттарды газеттерден алады. Мысалы «The New York Times» газетін оқиды. Екінші топ өкілдері — қаржылық технологиялар, АТ, ақпараттандыру саласында істейтін мамандар. Олар газеттерді оқымайды. Яғни ақпарат алу каналдары да басқаша. Осыған байланысты екі ақпараттық стратегияны дамыттық. Бірінші ірі халықаралық агенттіктермен жұмыс істейміз. Олар Bloomberg, Thomson Reuters, CNN, BBC, CNN Money. Екінші топта әр аймақта жұмыс істейтін кішігірім агенттіктер. Үшінші бағыт — қазақстандық БАҚ-пен жұмыс істеу. Қазақстандағы қаржы нарығындағы өкілдерді, қаржы компанияларды, банк, инвестициялық компанияларды  алаңымызға тартуымыз керек» , — деді Саясат Нұрбек.

Айгүл Хожантаева

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!