«Астана» Чемпиондар лигасында қанша табыс тапты

12:14, 19 шілде 2018
409

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz – «Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде черногориялық «Сутьесканы» (3:0) жеңіп, өз бюджетін толықтырды, деп хабарлайды sports.kz.

Қазақстандық команда өз алаңында 1:0 (Мұртазаев) есебімен, ал қонақта – 2:0 (Деспотович, Мужиков) есебімен жеңді. «Астана» бірінші іріктеу кезеңіне қатысқаны үшін УЕФА-дан 280 мың еуро, ал екіншіге шыққаны үшін – тағы 380 мың еуро алды. Осылайша, клубтың 2018/19-маусымындағы нақты табысы дәл қазір 660 мың еуроны құрап отыр.

«Астана» өткен маусымда Чемпиондар лигасының плей-офф раундына дейін жетті, алайда шотландиялық «Селтиктен» жеңіліп, турнирден шығып қалған болатын. Кейін қазақстандық клуб Еуропа Лигасының тобына кіріп, екінші орынға ие болды және плей-оффқа шықты. «Астана» 1/16 финалда португалдық «Спортингке» есе жіберді. Клуб 2017/18-еуромаусымында телеарналық және маркетингтік құқық сатылымын қоспағанда, 8,18 миллион еуро алды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!