Астана банкінің 216 мың салымшысы ақшасын қайтарып алуға өтініш білдірмеген

15:36, 16 шілде 2019

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – «Астана Банкі» АҚ салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорынан (ҚДКБҚ) өтемақы алу мерзімі ұзартылды. 

Еске сала кетсек, 2018 жылғы 26 қарашада Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана Банкі» АҚ-ны мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдаған еді. Ал 2019 жылғы 9 қаңтарда Алматы қаласы МАЭС-ның бұл  шешімі заңды күшіне енді.

Осыдан кейін аталған банктің салымшыларына ҚДКБҚ өтемақы төлеуге агент банк ретінде  «Еуразиялық банк» АҚ-ны белгіледі.

Төлем басталған сәттен бастап 2019 жылдың 26 қаңтардан «Астана Банкі» АҚ-ның 52 мың салымшысы агент банкке өтемақыны алу үшін өтініш жасады. Жалпы сомасы 36,9 млрд теңгеге өтемақы төленді. Осылайша, ҚДКБҚ «Астана Банкі» АҚ салымшылары алдындағы міндеттемелерін 98,4%-ға өтеді.

Қалған 1,6%-ы – бұл, негізінен, шоттардағы шағын қалдықтар, оларды алуға адамдар, әдетте, асықпайды. Атап айтқанда, «Астана Банкі» АҚ салымшыларының 64%-ы бір мың теңгеден аз депозиттерге, ал салымшылардың 79%-ы – бес мың теңгеден аз депозиттерге ие болған. «Астана Банкі» АҚ-ның төлемді қайтаруға жүгінбеген салымшыларының саны 216 мың адамды құрайды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!