AsiaCreditBank-тің басқарма басшысы ауысты

14:42, 17 сәуір 2017
650

AsiaCreditBank-тің жаңа басшысы болып Булан Көпешов тағайындалды. Мұндай шешімді «AsiaCreditBank» АҚ директорлар кеңесі қабылдады.

Бұлан Көпешов бұған дейін AsiaCredit Bank басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Оның тікелей жетекшілігімен банк эмиссия мен ҚР аумағында электронды қаржы қызметтері бойынша алға шықты. Сонымен қатар, банктің депозит портфелі әртараптандырылды.

Директорлар кеңесі, жаңа тағайындаулар арқылы қаржы институты дамудың жаңа сатысына өтетініне сенімді.

Ал, бұған дейін банк төрағасы болған Бауыржан Нұғымановқа директорлар кеңесінде банктің стратегиялық дамуы туралы мәселелелерді шешу тапсырылды.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!