Арыста 4,5 мың ғимарат қалпына келтіруді талап етеді

17:14, 16 шілде 2019

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді. Тағы 4,5 мың нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 адамнан асты. Қаланың 17 секторында 250 бірлік арнайы техниканы тарта отырып, 197 құрылыс компаниясы жұмыс істейді. Сондай — ақ, 1746 құрылысшы еңбек ететін 65 әлеуметтік нысан қалпына келтірілуде», — делінген министрліктің хабарламасында.

Ведомствода атап өткендей, барлық қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылдың 1 тамызына дейін аяқталуы тиіс.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!