Ардагер құрылысшыларға құрмет көрсетілді

15:53, 15 тамыз 2022

Алматы. 15 тамыз. 7kun.kz – Тамыздың екінші жартысы – елімізде құрылысшылар күн. Қазақстандық құрылысшылар бұл мерекені кеше, 14 тамыз күні тойлады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Құрылысшылар күні ұзақ жыл еңбек еткен жол саласының ардагерлері де шет қалмады. Жол активтері ұлттық сапа орталығының Алматы филиалының бір топ қызметкері ардагер жолшы, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбді Қиялбаевты арнайы құттықтап қайтты. Ардагер еліміздің жол саласында 80 жылдардан бері аянбай тер төккен. Әлі де еңбектеніп келеді.

Л.Б.Гончаров атындағы ҚазАЖИ технопаркін басқаратын ғалым жол саласының маңызды мәселелерін үнемі баспасөз бетіне жариялап, жастарға өзінің тәжірибесімен бөлісіп отырады. Әбді Қиялбаев ЖАҰСО зертханасының қызметкерлер тарапынан болған арнайы құттықтауға ерекше ризашылық білдірді.

Кездесу соңында ардагер жолшы орталық мамандарына өзінің ғылыми еңбегі, кітабын сыйға тартты және Сапа орталығының жұмысына табыс тіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!