Apple сағатына 200 iPhone-ды бөлшектей алатын робот жасады

08:50, 23 сәуір 2018
785

Алматы. 23 сәуір. 7kun.kz – Apple компаниясы бір сағатта 200 Iphone-ды бөлшектей алатын жаңа Дейзи есімді роботты таныстырды деп жазады The verge.

Бұл робот Iphone смартфондарының 9 түрін анықтап, бір сағаттың ішінде ескі смартфондардың 200 данасын бөлшектеп, утилизациялай алады. Бөлшектелеген смартфондардың материалдары жаңа iPhone-дар жасауға жіберіледі.

Дейзи – 2016 жылы шыққан Лиам есімді роботтың базасының негізінде жасалған.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!