Apple компаниясы 250 млрд доллар қаржыны АҚШ-қа қайтару үшін рекордтық салық төлейді

14:42, 19 қаңтар 2018
563

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Компания Еуропадағы өзінің ақшасын АҚШ-қа қайтару үшін 38 млрд доллар салық төлейді.

Apple өзінің капиталдарын еліне қайтарып алып жатыр. Бұл туралы Apple компаниясының веб-сайтында жарияланды. Мәлімдеме: АҚШ-тың ірі салық төлеушісі болып есептелетін Apple, салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді қарастыра отырып, репатриация бойынша салық ретінде шамамен 38 млрд доллар төлеуді жоспарлап отыр. Мүмкін, бұл тарихтағы осындай түрдегі ең үлкен төлем болатын шығар.

2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша, бағалы қағаздар мен биржалық комиссия ұсынған құжаттарға сəйкес, Apple компаниясы мен шетелдік еншілес компанияларының қолма-қол ақшалары, олардың бағалы қағаздарының жалпы сомасы 252,3 млрд долларды құраған еді.

Компания «шет елдік еншілес компанияларға тиесілі қаражат, жалпы заңнамаларға сәйкес, АҚШ-қа қайтарылғаннан кейін репатриация салығына жатады» деп көрсеткен.

Жаңа заң қабылданғанға дейін американдық компаниялар өз табыс көздеріне қарамастан, барлық пайдаға салық төлейтін. Ал жаңадан енгізілген салық реформасы бұл жағдайды өзгертті. Енді американдық компаниялар тек АҚШ территориясында тапқан пайдамен ғана салық төлейді.

Алайда  активтерін шетелде жинақтаған Apple сияқты компаниялар, оларды АҚШ-қа қайтару үшін салық төлеуге мәжбүр.

Жаңа салық заңнамасына сәйкес, Конгресс компанияларды осы қаражаттарды қайтаруға ынталандыру үшін репатриация бойынша бір реттік салықты енгізді. Мұндағы идея, осы уақытқа дейін шетелде сақталған қаражатты қайтарып, инвестицияны өсіру мен жұмыс орындарын құру.

Дегенмен, саясат және бюджет басымдықтарын зерттеу орталығының баяндамасында үнемі ойлағандай бола бермейтіндігі көрсетілген: 2004 жылы салықтағы демалыс кезінде, көптеген компаниялар осы уақытты дивиденттерді төлеу немесе акцияларды сатып алу үшін қаражатты үнемдеуге пайдаланған. Ал жұмыс орындары Pfizer, Merck, Hewlett-Packard, Ford және Pepsi компаниялары ақша аударымдарын жасап, нәтижесінде қызметкерлерді қысқартқан.

Apple мұндай жағдай орын алмайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, сайттағы хабарламада айтылғандай, “отандық жабдықтаушылар мен өндірушілер үшін Apple-дің ағымдағы тапсырыстар көлемі мен жаңа инвестицияларды ескере отырып, 2018 жылы шамамен 55 млрд долларды Apple-дың АҚШ экономикасына тікелей қосқан үлесі келесі бес жылда, (бұрынғы) төленген салықтарды есептемегенде, қызметкерлердің жалақысынан және Apple өнімдерін сатудан түсетін салық табысы 350 млрд доллардан асады.

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук 2016 жылы Apple-дің активтерін қайтаруды жоспарламайтындығын мәлімдеген.

Сол уақытта Apple компаниясы 230 млрд аса қаржыны офшорда сақтауда деп есептелінген еді. 40 пайыздық салық мөлшерлемесі бойынша, оның ішінде мемлекеттік салықты есептегенде, төлем сомасы 92 млрд долларды құрады.

«Дегенмен, бүгінгі таңда Кук компанияның АҚШ экономикасын дамытуға дайындығына баса назар аударды. Мәлімдемеде: Apple – бұл тек Америкада ғана мүмкін бола алатын жетістік тарихы  және біз АҚШ экономикасына қолдау көрсетуді жалғастыру мүмкіндігін мақтан тұтамыз. Біз американың өзіндік даму жолына шын жүрекпен сенеміз. Біздің инвестицияларымыз жұмыс орындарын құру мен қызметкерлерді дайындайды. Өзіміз тікелей әсер ете алатын салаларда шоғырланатын болады. Біз солардың арқасында жетістігіміз мүмкін болған, өз еліміз бен адамдар алдында қарыздар екенімізді сезінеміз”.

Осы жаңалықтан кейін Apple акциялары 1,42 пайызға өсіп, 178,69 долларға дейін жетті.

Қания Табыс

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!